Күздің алғашқы күнінде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, молнии, молния, гроза, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2026 21:00 Фото: pixabay
Қазақстанның бірқатар өңірінде қыркүйектің алғашқы күнінде ауа райы күрт құбылады. Бір өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтілсе, кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Солтүстік аймақтарда түнде үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с.

Қонаев қаласында кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) жаңбыр, найзағай, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Павлодар қаласында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қаласында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы жылбысқы қарға ұласады), күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Түнде облыстың оңтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Петропавл қаласында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: