Транскаспий бағыты бойынша тасымал көлемі 5,6 есе артты
Сурет: Транскаспий халықаралық көлік бағыты
Қазір Қазақстанның теңіз порттарының жалпы өткізу қуаты 21,8 млн тонна болады. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 30 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған.
Ақтау және Құрық порттарын дамыту, жаңа терминалдар салу, айлақтарды реконструкциялау және теңіз флотын кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. 2029 жылға дейін құрғақ жүк және контейнер тасымалына арналған тағы сегіз кеме сатып алу көзделген.
Жаңғырту жұмыстары Транскаспий бағыты мен "Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінің өткізу қабілетін жылына 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Көлік саласын цифрландыру да жалғасуда. E-Joldar және Smart Cargo платформалары арқылы жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарын бақылау, жүк тасымалын басқару және логистикалық процестерді цифрландыру көзделген.