Маңғыстаулық полиция басшысы ҰҚК-нің тергеуіне ілікті
Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Сүйін Құрмантаев қылмыстық қудалауға ұшырады. Жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпаратты 11 қыркүйекте Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі растады.
"Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – деп жауап берді ҰҚК баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісінің сауалына.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Суюн Құрмантаевқа қатысты тексеру жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тараған.
Бейресми мәлімет бойынша, полиция подполковнигі танысына 520 мың теңгеге жүргізуші куәлігін алып беруге көмектесуге уәде берген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript