Қызылордалық тұрғын TikTok-та тікелей эфирде балағат сөз айтқаны үшін айыппұл арқалады
Фото: pixabay
Қызылорда тұрғыны TikTok-та тікелей эфир кезінде балағат сөздер қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында TikTok-тағы тікелей эфирлердің бірінде қолданушының бірнеше рет балағат сөз айтқаны анықталған.
Тексеру нәтижесінде құқық бұзушының Қызылорда қаласының 39 жастағы тұрғыны әрі тумасы Жұлдызай Құдайбергенова екені белгілі болды. Сот шешімімен оған айыппұл салынды.
Полиция мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау үшін интернетке мониторинг тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript