Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2026 17:51 Фото: unsplash
Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, тұман түсетінін және екпіні күшті жел соғатынын ескертті. Сонымен қатар бірнеше облыс пен қалада жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында кешке өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында кешке өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында таңертең және күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағанды қаласында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: