Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
Ербол Күреңтайұлы Ізбергенов 1973 жылғы 11 тамызда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1991 жылы "Маңғыстаумұнайгазбарлау" кешенді экспедициясы құрылыс-монтаж учаскесінің тас қалаушысы қызметінен бастаған.
Әр жылдары өңірлік деңгейдегі құрылыс мекемелерінде, Ақтау қаласы әкімдігінде еңбек етіп, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басқарма басшысы болып еңбек еткен.
2019-2020 жылдары "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймақ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін "Атамекен" республикалық кәсіпкерлік палатасының директоры болды.
2020-2023 жылдары аралығында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары және Ақтау қаласы әкімінің лауазымдарын атқарды.
2024-2025 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарды.
2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.