Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Алматы әуежайындағы оқиғадан кейін 10 тәулікке қамауға алынды

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Алматы әуежайындағы оқиғадан кейін 10 тәулікке қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2026 15:10 Сурет: Instagram/yeleussinovdaniyar
Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Алматы халықаралық әуежайында болған оқиғадан кейін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 26 қыркүйекте Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"25 қыркүйекте Алматы әуежайында көліктегі полиция қызметкерлері елорда тұрғынын ұстады. Алматы – Астана бағытындағы рейске отыру кезінде ер адам ұшақтан өз бетінше шығып, перронға жүгіріп кеткен. Осылайша, ол қауіпсіздік талаптарын бұзған. Осыған байланысты барлық жолаушы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті рәсімдерді жүргізу үшін жолаушылар ұшақтан шығарылды. Соның салдарынан рейстің ұшуы кейінге шегерілді", – делінген хабарламада.

Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған.

"Тексеру қорытындысы бойынша ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірден бес бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, қоғамдық орында масаң күйде болғаны, тыйым салынған жерде темекі шеккені, ұшу қауіпсіздігі талаптарын және әуе кемесіндегі мінез-құлық ережелерін бұзғаны, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", – деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары адамның мәртебесі, танымалдығы немесе бұрынғы еңбегі оны жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті. Заң талаптары барлығына бірдей қолданылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: