Байқоңырда ер адам танысының тамағына шанышқы тақап, өлтіремін деп қорқытқан

Алкоголь, алкогольная продукция, алкоголизм, спирт, спиртной напиток, алкогольные напитки, спиртное, алкоголик, алкоголики, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2026 11:04 Фото: pexels
Байқоңырда ішімдік ішіп отырған екі ер адамның отырысы қайғылы жағдайға ұласуға шақ қалды. 38 жастағы жергілікті тұрғын жанжалдасып қалған танысының тамағына шанышқы тақап, оны өлтіремін деп қорқытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 1 қазанда өңір прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Олардың дерегінше, оқиға 2026 жылғы 10 маусымда болған.

Күдікті өз үйінде танысымен бірге алкогольдік ішімдік ішкен. Біраз уақыттан кейін екі ер адамның арасында жанжал шыққан.

"Алкогольдік ішімдік ішу кезінде танысымен жанжалдасып қалған ер адам оны қорқыту мақсатында тамағына шанышқы тақап, өлтіруге ниет білдірген", – делінген хабарламада.

Оқиға бойынша тергеу басталды. Ер адам кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген.

Күдікті Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан, кешен прокуратурасы қылмыстық істі заңнамаға сәйкес одан әрі тергеуді ұйымдастыру үшін Байқоңыр қаласының прокуратурасына жолдаған.

Қадағалау органында Қазақстан заңнамасына сәйкес адам өлтіремін деп қорқытқаны үшін 60 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылғанын еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: