Ақмола облысында бақташы 2 миллион теңгенің үш жылқысын жымқырды деген күдікке ілінді

Лошадь, лошади, кони, конь, коневодство, пастбище, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2026 10:34 Фото: primeminister.kz
Ақмола облысында бөтен мүлікті ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Үш жылқының жоғалуынан келген шығынды жәбірленуші 2 миллион теңгеге бағалаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, малдың жетіспеуі тамыз-қыркүйек айлары аралығында анықталған.

Осыған байланысты Зеренді ауданына қарасты мал шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің иесі құқық қорғау органдарына арызданған.

"Тергеу барысында болған жағдайға табынды бағып жүрген 61 жастағы бақташының қатысы болуы мүмкін екені анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтауға және дәлелдерді бекітуге бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаменті.

Полиция ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін мал басын тұрақты түрде түгендеп, есеп жүргізуге және олардың сақталуын тиісті деңгейде бақылауға шақырды.

Малдың жоғалғаны анықталса, оның орналасқан жерін және оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтауға көмектесетін барынша толық ақпаратты ұсына отырып, полицияға жедел хабарласу маңызды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: