Анатолий Кашпировский қайтыс болды
Сурет: Александр Мамаев / URA.RU
Оның қайтыс болғанын 3 қазанда тележүргізуші Андрей Малахов хабарлады, деп жазады ura.ru. Өлімінің нақты себебі әзірге айтылған жоқ.
"Анатолий Михайлович Кашпировский өмірден өтті. Жаны жәннатта болсын!" – деп жазды тележүргізуші.
Кашпировский 1939 жылғы 11 тамызда дүниеге келген. Винница медициналық институтын тәмамдап, көп жыл бойы психотерапевт болып жұмыс істеген. Ол 1980-жылдардың соңында теледидар арқылы жүргізген психотерапиялық сеанстарының арқасында бүкіл Кеңес Одағына танымал болды. 1989 жылдың күзінде оның "Денсаулық сеанстары" Орталық телеарнадан көрсетіліп, миллиондаған көрерменді экран алдына жинады.
1990-жылдары Кашпировский саясатпен де айналысты. 1993–1995 жылдары Ресей Мемлекеттік думасының бірінші шақырылымының депутаты болды. Оның телесеанстары мен иландыру арқылы адамның денсаулығына әсер етуге болатыны туралы мәлімдемелері ондаған жыл бойы пікірталас тудырды. Соған қарамастан Кашпировский кеңестік кезеңнің соңындағы телеарналардың ең танымал тұлғаларының бірі болып қала берді.