Шу қаласы тұрғынының ауласынан 10 келіден астам гашиш табылды

Шу қаласы тұрғынының ауласынан 10 келіден астам гашиш табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2026 18:37 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысының Шу қаласында полицейлер тұрғынның ауласынан 10 келіден астам гашиш тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Қарасора – 2026" және "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында 39 жастағы ер адам ұсталды.

Полицейлер күдіктінің үйінің ауласында тінту жүргізген. Нәтижесінде 10 келі 108 грамм гашиш тәркіленді.

Аталған факті бойынша есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Арнайы операцияға ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің, Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, Шу аудандық полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің және ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің Шу аудандық бөлімінің қызметкерлері қатысты. Оларға Қызылорда облысы ПД ЖҚАЖ қызметкерлері күштік қолдау көрсетті.

Тергеу жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: