"Яндекс" сервистерінде жаппай ақау болды: Қазақстанның ЖИ министрлігі мәлімдеме жасады

Сотовая связь, мобильная связь, мобильная сеть, мобильный интернет, мобильный оператор, мобильные операторы, сотовый оператор, оператор сотовой связи, социальные сети, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2026 12:32 Фото: unsplash
Қазақстандық пайдаланушылардың жеке деректерін сақтауға арналған "Яндекс" серверлері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (ЖИЦДМ) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның 2026 жылғы 11 қазанда жариялаған мәлімдемесінде "Яндекс" сервистерінің жұмысындағы іркілістер күнделікті цифрлық платформаларды пайдаланатын Қазақстан азаматтарының олардың сенімділігіне қатысты орынды сұрақтарын туындатқаны айтылған.

"Қазақстандық пайдаланушылардың жеке деректерін сақтауға арналған серверлер ел аумағында орналасқан және штаттық режимде жұмыс істеп тұр", – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Сонымен қатар ЖИ министрлігінің түсіндіруінше, бұл бүкіл платформаның автономды түрде жұмыс істейтінін білдірмейді. Такси және жеткізу қызметтерін көрсетуге қажетті жекелеген компоненттер Қазақстаннан тыс жерде орналасқан.

"Сервистердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету пайдаланушылар үшін аса маңызды. Осыған байланысты деректерді Қазақстан аумағында сақтау және цифрлық платформалардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету – кешенді шешімді қажет ететін дербес міндеттер", – деп мәлімдеді ҚР ЖИЦДМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта министрліктің хабарлауынша, "Яндекс" сервистердің жұмысын қалпына келтіру шараларын жүргізіп жатыр.

"Министрлік қажетті қолдау көрсету мәселелері бойынша компаниямен және қазақстандық инфрақұрылымдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауда. Сонымен қатар такси және жеткізу қызметтерін ұсынатын басқа платформалармен де жүктеме артқан жағдайда олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр", – делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Yandex Go баспасөз қызметі компания сервистерінің іркілістермен жұмыс істеп жатқанын немесе уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Осыған байланысты компания пайдаланушылардан, жүргізушілерден және курьерлерден қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Компанияның түсіндіруінше, "Яндекс" сервистеріндегі ақаулар деректер орталықтарының зақымдануына байланысты туындаған.

Сондай-ақ компания мәлімдемесінде инженерлер ең алдымен көпшілік пайдаланатын сервистерді қалпына келтіріп жатқанын және барлық қызметті мүмкіндігінше тезірек барлық өңірде толық қолжетімді ету үшін жұмысты жалғастырып жатқаны айтылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: