Алматыдағы ботаникалық бақ 15 қазаннан бастап жұмыс кестесін өзгертеді
Фото: pexels
Бүгін, 2026 жылғы 13 қазанда Алматыдағы Бас ботаникалық бақтың (БББ) әкімшілігі келушілерге жұмыс кестесінің өзгеретіні туралы маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бақтың жұмыс уақыты өзгеретіні ескертілді.
"Күннің қысқаруына байланысты ботаникалық бақ қысқы жұмыс кестесіне көшеді. 15 қазаннан бастап бақ сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ әкімшілік кассаның техникалық үзіліс уақыты 15:00-ден 15:30-ға дейін екенін нақтылады.
Бұған қоса, Алматыдағы Бас ботаникалық бақ әкімшілігі әр айдың бірінші дүйсенбісі санитарлық күн екенін еске салды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript