Шымкентте энергетикалық сусын сатқан сатушы 216 мың теңге айыппұл төлейді

Шымкентте энергетикалық сусын сатқан сатушы 216 мың теңге айыппұл төлейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2026 12:41 Сурет: pixabay
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында 21 жасқа толмаған адамға энергетикалық сусын сату ісі қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот анықтағандай, оқиға 2026 жылғы 8 қыркүйекте Тассай тұрғын алабындағы азық-түлік дүкенінде болған.

Сатушының кінәсі өз кінәсін мойындауы, түсініктемесі және полиция қызметкерлері жасаған заттай дәлелдемелерді алу туралы актімен расталды.

Ер адам өкініш білдіріп, өзіне жеңілірек жаза тағайындауды сұрады.

"Сот істің мән-жайын ескере отырып, оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 423-1-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 216 250 теңге көлемінде айыппұл салды", – делінген хабарламада.

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: