Ташкентте қазақстандық жас футболшылардың улануы: Динара Зәкиева мән-жайды айтты

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2026 17:32 Фото: akorda.kz
2026 жылғы 2 қарашада Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Өзбекстанда жүрген қарағандылық футбол клубының тәрбиеленушілері уланған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Динара Зәкиева Өзбекстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденеймен және команданың бас бапкерімен байланыста екенін айтты.

"Облыстан барған қатысушылардың жалпы саны – 60 бала, 32 ата-ана және 4 жаттықтырушы. Қазір 11 бала Ташкенттегі ауруханада дәрігерлердің бақылауында", – деп жазды ол Instagram Stories парақшасында.

Зәкиеваның айтуынша, Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрі Элдор Әділов жағдайды жеке бақылауына алған.

"Балалар толық сауығып кеткенше Өзбекстанда қалады. Қалған балалар ата-аналарымен бірге бүгін Қазақстанға қайтады", – деп түйіндеді Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Өзбекстан астанасында Қазақстаннан барған балалар жаппай уланғаны туралы ақпарат тараған еді. Жас футболшылар Ташкентте өткен Dostlik Cup халықаралық фестиваліне қатысқан. Ата-аналардың бірінің айтуынша, 2026 жылғы 31 қазанда Ташкенттегі қонақүйлердің бірінде таңғы ас ішкеннен кейін балалар мен ересектердің іші ауырып, дене қызуы көтеріле бастаған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі көмекке мұқтаж азаматтардың барлығы Өзбекстандағы мамандандырылған медициналық мекемелерге жатқызылғанын және оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады. Ведомство қазақстандық дипломаттар зардап шеккендердің туыстарымен және медициналық мекемелермен байланыста екенін, жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ташкентте болған кезде тамақтан улану белгілерімен 17 адам – 11 бала және 6 ересек ауруханаға түскен. Барлық науқастың жағдайы тұрақты, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: