Қазақстандық кәсіпкерлер үшін жақсы жаңалық
Фото: pexels
eGov Business мобильді қосымшасында Мемлекеттік кредиттік бюроның "Кредиттік және сақтандыру тарихының гиді" атты жаңа сервисі пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметінің 2026 жылғы 3 қарашадағы мәліметінше, жаңа сервис арқылы кредиттік және сақтандыру есептерін онлайн алуға, кредиттік тарихты және сақтандыру міндеттемелері туралы ақпаратты тексеруге болады.
Сервисті қалай пайдалануға болады?
- eGov Business қосымшасына кіріп, "Сервистер" бөлімін ашыңыз.
- "ГКБ. Кредиттік және сақтандыру тарихының гиді" қызметін таңдаңыз.
- Жеке деректерді пайдалануға келісім беріңіз.
- Қажетті есепті таңдап, "Жүктеу" батырмасын басыңыз.
Сервисті пайдалану жөніндегі толық нұсқаулық төмендегі карусельде ұсынылған.
Бұған дейін қазақстандықтарға жүргізушілер үшін маңызды құжаттардың бірін қалай қалпына келтіруге болатыны түсіндірілген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript