Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі лауазымынан босатылды

Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі лауазымынан босатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2026 18:13 Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 3 қарашада Нұрлан Сауранбаев Қазақстанның көлік министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті ақпарат Ақорданың баспасөз қызметінің Telegram-арнасында жарияланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы Қазақстан Республикасының көлік министрі қызметінен босатылды", – делінген ресми хабарламада.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылғы 20 мамырда дүниеге келген. Алматыдағы №30 орта мектепті, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін 1991 жылы "саяси экономия" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын бизнес құрылымдарында бастаған. 1997-2011 жылдары теміржол және мұнай-газ салаларындағы ұлттық компанияларда жұмыс істеген.

2011 жылдан бастап ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, 2014-2016 жылдары қорғаныс министрінің орынбасары, 2017-2018 жылдары Шымкент қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2019-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды. Сондай-ақ 2021-2025 жылдары "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2025 жылғы маусымда көлік министрі болып тағайындалған еді.

Айта кетейік, 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев дамыған көлік-логистика жүйесі болмаса, бүгін қуатты мемлекеттің өзі ертең күйреу шегіне жетуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: