Астанада TikTok-та балағат сөздер айтқан жігіт қамауға алынды
Фото: pexels
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, 18 жастағы Жанарыс Жұмабай онлайн-трансляция барысында көпшілік алдында балағат сөздер айтып, жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.
Аталған факті бойынша жігіт ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот қаулысымен оған 10 тәулік мерзімге қамауға алу жазасы тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript