Жамбыл облысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болған топ ұсталды

Жамбыл облысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болған топ ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2026 14:15 Сурет: polisia.kz
Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның үш азаматы мен бір шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төрт күдіктінің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Жалпы, іс-шара аясында көші-қон заңнамасын бұзудың 293 дерегі анықталды. Атап айтқанда, шетел азаматтарының заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыруының 53 дерегі, сондай-ақ шетелдіктердің елге келгені туралы ішкі істер органдарына уақытылы хабарламау және олардың елде болу қағидаларының сақталуын қамтамасыз етпеудің 63 дерегі тіркелді", – делінген хабарламада.

Шетел азаматтарын тиісті рұқсатсыз заңсыз жұмысқа тартқан 15 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар сот шешімдерімен 77 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан мәжбүрлеп шығарылды.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген төрт адам да ұсталды. Олардың біреуі – Қазақстан азаматы, үшеуі – ТМД елдерінің азаматы.

Полиция заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау және өңірдегі көші-қон қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы кешенді жұмыстарды жалғастырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: