27 қарашада үш жұлдыз белгісін жағымды өзгерістер күтіп тұр
Сурет: magnific
Бұл туралы YourTango басылымында жарияланған материалда жазылған. Астролог Руби Миранданың айтуынша, жұма күні Шаяндағы Ай мен Сарышаяндағы Меркурий арасындағы тригон адамдарға жеңіл жол табуға және өміріне кері әсер ететін нәрселерден арылуға көмектеседі.
Шаяндар бұрыннан бойына сіңіп, ұзақ уақыт бойы елемей келген зиянды әдетінен біржола арылуға мүмкіндік алады. Осы қадамның өзі олардың өмірін едәуір жеңілдетеді.
Таразылар жеке күш-жігерінің арқасында шаруаларын ретке келтіріп, денсаулығын жақсарта алады. Бұл күннің энергиясы күш жинап, көңіл күйді көтеруге қолайлы. Сондықтан мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауға кеңес беріледі.
Балықтар денсаулығына қатысты жеке мәселеде айналасындағы адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ асқаны жөн. Өзгелердің араласуы әдетте ұнамаса да, бұл жолы олардың айтқанынан пайдалы нәрсе табылуы мүмкін. Өзіне көңіл бөлу ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіріп, тәніне деген құрметін арттыруға көмектеседі.