Қазақфильм түсірген туынды "Орталық Азияның үздік фильмі" атанды
kazakhfilmstudios.kz
Фильм туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жылдар өткен соң Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды.
"Қазақфильм" киностудиясы түсірген «Оралман» көркем фильмі Бішкекте өткен «Ақ Ілбіріс» ұлттық киножүлдесінің екі марапатына қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазақфильмнің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фильм «Орталық Азияның үздік фильмі» жүлдесімен, ал картинада басты рөлді сомдаған актер Дулыға Ақмолда «Орталық Азияның үздік актері» жүлдесімен марапатталды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген аталмыш фильм туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жылдар өткен соң Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды.
Мамыр айының соңында «Оралман» фильмі Австрияда өтетін халықаралық кинофестивальде көрсетілетін болады.
Айта кетсек, қырғыздың режиссері Ақтан Арыс Құбат түсірген «Кентавр» фильмі «Ақ Ілбіріс -2018» ұлттың жүлдесінің бас жүлдесін жеңіп алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript