Әнші Саят Медеуов өмірінде алғаш рет бейнеклип түсірді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2018 15:59 Сурет: zakon.kz
Саят Медеуов бірде-бір бейнеклип түсірмей-ақ танымал болған эстрададағы жалғыз әнші.

Танымал әнші Саят Медеуов тыңдарманына алғашқы бейнебаянын ұсынды. «Әке» деп аталатын жаңа клиптің үзіндісі әншінің Instagram-парақшасында жарияланған, деп жазады Sn.kz.

Айта кету керек, Саят Медеуов бірде-бір бейнеклип түсірмей-ақ танымал болған эстрададағы жалғыз әнші.

«Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы. Әкенiң мiнез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнерi мен бiлiмi - баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. «Әке» атты туындысын қабыл алыңыздар!» - деп жазды С.Медеуов өз парақшасында.

Ұлы жеңіс күніне орай ұсынған бейнебаянда әкенің отбасындағы рөлі және балаларына деген мейірімі бейнеленеді. Әншінің жаңа туындысы көпшіліктің көңілінен шығып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: