Отандасымыз Канн фестивалінде үздік актриса атанды
Хабар 24
Самал Еслямова ресейік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рольді сомдаған.
Қазақстандық өнерпаз Самал Еслямова 71 Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Бұл туралы айтулы мәдени шараның Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасына хабарланды, деп жазады Хабар 24.
Самал Еслямова ресейік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рольді сомдаған.
Актрисаның өзіне келсек, Еслямова 1984 жылы 1 қыркүйекте Петропавлда дүниеге келген.
Ол 2011 жылы Ресейдің театр өнері университетін (ГИТИС) бітірген. Бұған дейін ол «Тюльпан» фильмінде басты рольді сомдады. Бұл туынды 2008 жылы Каннда «Ерекше көзқарас» конкурсының бас жүлдесін, әділқазылардың жүлдесін, Францияның білім министрлігінің жүлдесін жеңіп алған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript