Әйкерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен қарым-қатынасы жайлы шындықты айтты

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2018 16:25 stan.kz
Екеуін ұдайы бірге көретін жұрт оларды жұптастырып қойған.

Желі қолданушылары актер Нұрлан Әлімжан мен әнші Әйкерім Қалаубаеваны әлдеқашан жұптастырып қойған. Себебі қос өнер иесі әрдайым бірге жүреді. Әрі Нұрлан да, Әйкерім де жеке өміріне қатысты сұрақтардан басын ала қашады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Алайда актер мен әншіні байланыстыратын өнер ғана. Әсіресе, той иелеріне жұлдызды жұптың жүргізушілік қабілеті ұнайтын көрінеді. Сондықтан да тойға жиі бірге шығамыз, дейді Қалаубаева.

Десе де екеуін ұдайы бірге көретін жұрт оларды жұптастырып қойған. Жұрттың сөзінен мезі болған Қалаубаева бар шындықты айтты.

“Иә, жұмыс болғаннан соң солай болып қала береді енді. Ол той иелерінің таңдауына байланысты! Әйтпесе күнделікті өмірде бір-бірімізді көрмейміз да”, – деді ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: