«Алтынемел» фильмі Қырғызстанда өтетін Халықаралық кинофорумда көрсетіледі
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған «Алтынемел» деректі фильмі Қырғызстанда қыркүйектің 3-і мен 7-і аралығында Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары аясында өтетін бірінші Халықаралық «Мөңгү» атты этно-эколокиялық фильмдер кинофорумуының бағдарламасында көрсетіледі, деп хабарлайды Вaq.kz.
Аталған туынды Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябағының бай табиғаты туралы баяндайды. Деректі фильмнің авторы – танымал фотограф-натуралист Олег Белялов.
«Мөңгү» форумының көрсетілімдері Ыстықкөл облысы Қырчын жайлауында ашық аспан аясындағы арнайы алаңдар мен киіз үйлерде өтеді. Айта кетсек, бірінші «Мөңгү» кинофорумының бағдарламасы шеңберінде 20 фильм көрсетілетін болады. Олар «Үздік фильм», «Үздік режиссер» және «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» номинациялары бойынша бақ сынайды.
«Мөңгү» кинофорумының басты мақсаты – табиғи ресурстарды сақтау, қоршаған ортаны және био-мәдени мұраны қоғау бойынша қозғалыстарды қолдау болып табылады. Форум аясында арнайы көрсетілімдер, семинарлар және халықаралық кинематографистер, эколог пен сарапшылардың қатысуымен шеберлік сағаттар өткізіледі.
Естеріңізге сала кетсек, «Алтынемел» деректі фильмінің алғашқы көрсетілімі былтыр қараша айында «Қазақфильм» киностудиясы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорымен бірлесіп, Қазақ деректі киносының күндері аясында өткен болатын. Сондай-ақ аталған туынды ҚХР-ның Тайчжоу қаласында өткен Кино және туризм саласындағы азиялық өнер апталығында көрсетіліп, «Шетелдің үздік деректі фильмі» жүлдесімен марапатталды.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.