Сәкен Майғазиев өзімен суретке түскісі келген балалардың анасын таңғалдырды
Сәкен Майғазиев өзімен суретке түскісі келген бүлдіршіндердің анасын таңғалдырды. Ол қалта телефонының қуаты таусылып қалған жанкүйерлеріне тығырықтан шығудың жолын ұсынған. Нақтырақ айтқанда, кішіпейілділік танытып, өз телефонына суретке түсуді сұраған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Ағайынды бүлдіршіндермен естелікке фотоға түскен Сәкен олардың анасымен болған диалогты желіде жария етті.
– Қап, қалта телефонымның қуаты таусылып қалғаны-ай, балаларымды сізбен суретке түсіріп алайын десем.
– Менікіне түсірейін. Сізге жібере қоярмын.
– Жарайды.
– Жақсы, балапандарыңыз бақытты болсын.
– Сау болыңыз!
– Айтпақшы, суретті қайда жіберем?
– Ойбай, инстаграмға салмайсыз ба…
Желі қолданушылары Майғазиевтің қарапайымдылығына тәнті болып, өзге әншілер де одан үлгі алса деген тілегін білдірді.
“Сәке, Машаллах! Не деген кең пейілдісіз, не деген қарапайымдылық! Жүрегіңіз кең! Сауаптан жазылсын сізге! Ризамын сізге!” – деп жазды оқырмандардың бірі.