Ол тастап кетті: Мөлдір Әуелбекова күйеуінен ажырасқанын мойындады
nur.akamaized.net
Әнші күйеуінен 1 жарым жыл бұрын айрылысып кеткен екен.
Мөлдір Әуелбекова жарының суреттерін Instagram-парақшасынан өшіріп тастағалы көпшілік одан «Ажырасып кеттіңіз бе? Күйеуіңіз қайда?» деп сұрақтың астына ала бастап еді. Бірақ әнші олардың ешқайсысына да жауап бермей жүрген. Журналистерге де жеке өмірі жайлы айтудан бас тартатын ол бұл жолы «Ревю» бағдарламасында ағынан жарылды, деп жазады Sn.kz.
Әнші күйеуінен 1 жарым жыл бұрын айрылысып кеткен екен. Тіпті, әкесі бүгінге дейін баласын да көруге келмепті.
«Балаға кесірі тимесе екен деп көбінесе ұлымды уайымдаймын. Ғаламтор бар ғой қазір. Ертең бала өскеннен кейін, оны көреді. Неге олай болды деп көңіліне кірбің түседі. Мен қазір отырып алып, ол бүйтті-сүйтті, ол тастап кетті, ол былай болды деп айтып отырғаннан, ешкімнің ештеңесі кетпейді. Ертең балам қиналады», – деп сұхбат берді Әуелбекова.
Еске салсақ, Мөлдір Әуелбекова 2015 жылы Арыстан есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шыққан. Бүгінде олардың ортақ некелерінен бір ұл бала бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript