Роза Рымбаеваның жаңа образы жанкүйерлерін шошытты
today.kz
Роза Рымбаева мен Мәдина Сәдуақасова отандық арнадан көрсетілетін “Топжарған” атты бағдарламаның тізгінін ұстады.
Қазақ эстрадасының примадоннасы соңғы кездері өзгеріп жүр. Бұған дейін иығы ашық көйлегі үшін сыналған Роза Рымбаева енді заманауи жастардың стилінде киініп, көпшілікке жақпай қалды, деп жазады Stan.kz тілшісі.
Роза Рымбаева мен Мәдина Сәдуақасова отандық арнадан көрсетілетін “Топжарған” атты бағдарламаның тізгінін ұстады. Күні кеше шоудың алғашқы шығарылымы эфирден көрсетілді. Бұл орайда Мәдина Сәдуақасова Роза Қуанышқызы екеуінің жаңа образын көрсетіп, елдің пікірін сұрады. Алайда желідегі пікірлер көңіл көншітерлік емес.
“Роза Рымбаеваны дұрыс киіндірмене, жарасымсыз. Ол кісінің өз талғамы жоғары”, – дейді оқырмандардың бірі.
“Сұмдық. Роза апай хип-хоп билейін деді ме әлде орманда саңырауқұлақ теруге дайындалып шықты ма? Бұл не стиль? Эстрадамыздың примадоннасын қалайша бұлай киіндіруге болады? Стилистер оны мазақ еткісі келгендей. Мадина, дәл осындай имиджбен сахнаға ешқашан шықпас едің деп ойлаймын. Елдің пікірін сұрап отырсың, құдды мына масқараны өзің көрмей тұрғандай”, – деп сынады Алтынай Балкеева есімді желі қолданушысы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript