Гүлнұр Оразымбетованың әріптесімен құшақтасып түскен суреті желіде қызу талқыға түсті
Сурет: zakon.kz
Гүлнұр Оразымбетова актер Азамат Сатыбалдымен құшақтасқан суретін жариялап, оны көргеніне қуанышты екенін жеткізген.
Таяуда ғана өмірлік махаббатына ән арнап, бейнебаян таспалаған Гүлнұр Оразымбетова жағымсыз қылығымен көзге түсті. Әнші қысқа етекті көйлек киіп әрі әріптесімен құшақтасып суретке түсемін деп дауға қалды, деп жазады Stan.kz.
Гүлнұр Оразымбетова актер Азамат Сатыбалдымен құшақтасқан суретін жариялап, оны көргеніне қуанышты екенін жеткізген.
Алайда желі қолданушылары әншінің жазбасына мән берместен, бірден сынай жөнелді. Олар отбасылы әйелдің өзге азаматпен құшақтасуын ерсі деп тауып, Гүлнұрды қатаң сынға алған.
“Бөтен еркекке беліңді ұстатпасай”, “Жолдасыңыз қызғанбай ма?”, “Осылапр доспыз деп құшақтасып жүретіндері несі?”, “Азаматтың күйеуі бар әйелдерді құшақтап жүретін жаман”, – деп сынады олар.
Тағы бір желі оқырмандарына Оразымбетованың қысқа етекті көйлегі ұнамай қалған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript