Жаңалықтар тізбегі
0

Баян Алагөзованың қызы шошқа етін жейтінін айтып, елді ашуландырды

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2018 17:13 stan.kz
Ал Айару бұдан өзге де өзі туралы деректерді келтірді.

Баян Алагөзованың кіші қызы Айару шошқа етін жейтінін айтып, желі оқырмандарын таңғалдырды. Асты шебер әзірлейтін Айару барлық халықтардың асханасын ұнатады екен, деп жазады Stan.kz.

“Барлық халықтардың тағамын жақсы көремін. Теңіз тағамдарын да жеймін, шошқа етінен де бас тартпаймын. Суши мен раменді де ұнатамын. Әрине, бұл тізімде қазақ асханасы да бар. Бірақ болашақта еттен түбегейлі бас тартсам деймін”, – деген Айарудың сөзі көптің ашуына тиді.

“Мұсылмандарға шошқа етін жеуге болмайды”, “Харам деген тамақтан аулақ бол! Адам не жесе мінезі соған ұқсайды”, – деп сынады желі қолданушылары.

Ал Айару бұдан өзге де өзі туралы деректерді келтірді.

“Мен мүлдем қызғаншақ емеспін. Досқа да, жігітке де сондаймын. Ер мен әйелдің арасындағы достыққа сенемін.

Адам өзінің болашағына сенбесе, мектептегі баға да, жоғары білім де көмектеспейді.

Адамдармен сөйлесу жағынан келгенде анам мен Айса (ред.Айсәуле Бақытбек) үшеуміз ұқсаймыз. Кейде олардың даусы мен өзімдікін шатастырып аламын.

Кішкентай балалар мен жануарларға суықпын. Бірақ ит бөлек әңгіме”, – дейді Айару.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: