Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Құдайберген Ақтөбенің 150 жылдығында орай концерт өткізуді жоспарлауда

Петропавловск News, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2019 17:20 Петропавловск News
Қайырымдылық шараларына басымдық беріледі.

Әнші Димаш Құдайберген Ақтөбе қаласының 150 жылдығын мерекелеу кезінде концерт береді. Сонымен қатар облыстағы 12 аудан қалаға өз сыйын жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған жоспар облыс әкімдігінде бекітілді. Жоспар бойынша қаланың 150 жылдығы мамыр айында өтеді. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекелеу аясында әнші Димаш Құдайберген концерт береді.

"Қала тұрғындары мен қонақтарына мерейтойды еске салатын әлеуметтік, өндірістік нысандарды қолданысқа беру керек. Бұл шарадан бірде бір ақтөбелік тыс қалмайды. Әр адам өз үлесін қосуы тиіс", - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, қазіргі кезде 20-ға жуық өндіріс орнын, 6 жылыжай мен көкөніс қоймасын, 28 қызмет көрсету нысанын қолданысқа беру көзделіп отыр. Барлығы 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. 3100 шаршы метр пәтер қолданысқа беріліп, балабақшалар мен мектептер ашылады.

"Бөкенбай батыр, Есет батырға, Ақтөбе кеңесінің бірінші төрағасы Василий Зинченкоға ескерткіш қойылады. Қаланың 150 жылдығына монумент орнатылып, деректі фильм түсіріледі. Қайырымдылық шараларына басымдық беріледі. Ал 12 аудан сыйға әлеуметтік нысандарды тарту етіп, көгалдандыруға атсалысады", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: