Жаңалықтар тізбегі
0

Әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды

instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2019 18:43 instagram
Ол енді "Қазақконцерттің" шығармашылық қызметін басқарады.

Әнші Мөлдір Әуелбекова "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы шығармашылық қызметінің басшысы болып тағайындалды. Мекеменің директоры Жеңіс Сейдуллаұлы тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады Sputnik.

"Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қарашаңырағына айналған "Қазақконцерттің" шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды", – деп жазылған мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомствоның мәліметінше, бұдан бұрын ол "Қазақконцерттің" эстрадалық топтарына жетекшілік етіп, шығармашылық ізденістерінде жаңа идеялар мен тың бастамаларға бейім екендігін көрсеткен.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі 2011 жылы эстрадалық өнер магистрі атанған.

Мөлдір Әуелбековаға мəдениет жəне ɵнер саласындағы жоғары жетiстiктерi үшiн 2018 жылы "Құрмет" ордені тапсырылды. ​ ​

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: