Қайрат Нұртас Димаш секілді Джеки Чанмен жолығуды армандайтынын айтты
Инстаграм
Бұл туралы әнші желіде жазба жариялады.
Джеки Чанның фестивалінде өнер көрсетіп, атақты актердің қонағы болған Димашқа Қайрат Нұртас өз тілегін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әнші Қайрат Нұртас Димаш секілді Джеки Чанмен жолығуды армандайтынын айтып, Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.
"Менің бала кезден арманым Джеки Чанмен өмірде кездесу еді, маған әлі бұйырмады, бірақ Димаш бауырыма бұйырып, талантымен бүкіл дүние жүзін таң қалдырып жатқанына қуаныштымын! Алланың құдіреті шексіз ғой шіркін! Басыңнан бағың таймасын Димашжан!" деп жазды ол.
Айта кетсек, алдыңғы демалыс күндері Димаш Джеки Чан экшн-фильмдері V халықаралық фестивалінің ашылу салтанатында өнер көрсету үшін Қытайға барған. Димаштың өнеріне тәнті болған Джекидің видеосы да желілерде кеңінен тараған еді. Осы кештен кейін атақты актер Димашты қонақ еткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript