Жаңалықтар тізбегі
0

"Шешем екеумізді тастап кеткен". Атақты әнші өз әкесін кешірмеді

YouTube, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2019 18:11 YouTube
Оның әкесінің толық аты-жөні - Василий Клименко. Ол Башқұртстанның Күмертау қаласында тұрады.

Бүкіл посткеңестік кеңістікке танымал болып, өз кезеңінде дүрілдеткен әнші, "Белые розы" әнін орындаушы, "Ласковый май" тобының солисі Юрий Шатуновтың әкесі тірі болып шықты, деп хабарлайды НТВ ресейлік телеарнасына сілтеме жасап Zakon.kz.

Юра Шатунов пен шешесі екеуін кезінде әкесі тастап, басқа әйелге кетіп қалған екен. Бірақ ол елге таныла бастағанда, "әкесі тастап кетті" дегенге намыстанып, барлық жерде оны қайтыс болған деп мәлімет беріп жүрген. Сөйтсе ол кісі тірі болып шықты. Юраның туған жері – Башқұртстанның Күмертау қаласында тұрып жатыр екен.

Әкесі тастап кеткен соң көп ұзамай Юра Шатуновтың шешесі көз жұмады. Сөйтіп ол балалар үйінде болады. 11 жасқа толғанда оны екі баласы бар тәтесі үйіне алады.Бірақ әйелдің күйеуі түрмеге түсіп, отбасыны асырау қиынға соғады. Сол кезде тәтесі Юраны 12 жасында балалар үйіне қайта өткізеді. Онда жүріп ол әкесіне барып, өзін жаңа отбасына қабылдауды сұрайды. Бірақ ол одан бас тартқан екен. Содан бері Юра Шатунов әкесін көрместей болып кетіпті.

Оның әкесінің толық аты-жөні - Василий Клименко. 70-ке тақаған ол Башқұртстанның Күмертау қаласында тұрады.Оны іздеп барған журналистерге көршілері көптен көрмегендерін айтқан. Есікті қаққанда оның әйелі ашуланып, айғайлап, журналистерден кетуді сұрайды. Көршілері оның әйелінің осындай жынды мінезі барынан журналистерді ескертті. Бірақ бір уақытта таяққа сүйенген Юра Шатуновтың әкесі сыртқа шығады. Бірақ ол журналистерге тұщымды ештеңе айта алмады. "Ол мені көргісі келмейді" деп қысқа қайырды.

Негізінен, Шатуновтың әкесі өмір бақи жүргізуші болып жұмыс істеген. Алиментті де уақтылы төлеп тұрған екен. Мұны әншінің тәтесі де растайды. Бірақ оны Юра алмай қойған. "Ол ақшалар әлі күнге дейін менің кітапшамда жатыр", - дейді тәтесі.

Тағдыр тауқыметіне түскен тәтесі оны кері балалар үйіне жіберген соң, Юра онымен де байланысын үзіпті. Бүгіндері қарапайым, жұпыны өмір сүріп жатқан тәтесі одан телеарна арқылы кешірім сұрады.

"Юра, мен мүмкін бірнәрсені дұрыс жасамаған шығармын, кешірші", - деді ол.

Айта кетсек, Юра Шатунов бүгіндері Германияда тұрады. 2007 жылы сол елде үйленген, бір ұлы мен бір қызы бар. Әйелі Светлана Шатунованың мамандығы - заңгер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: