Димашты қайталаған Төреғали сынның астында қалды
Ашық дереккөздерден алынды
Әнші шәйді өз есімімен "Toresh" деп атаған.
Әнші Төреғали Төреәлі "Toresh" деген шай шығарып, оны желіде жарнамалап жатыр.
"Toresh" шайының суретін әнші Instagram парақшасында жариялады.
"Ассалаумағалейкум, құрметті Toresh-тің оқырмандары! Жуырда, жақсы жаңалықтармен бөлісетін боламыз", - деп жазды ол. Оған қоса, Шәйдің Төресі - Төреш! деп өз өнімінің насихатын,тіптен асқақтатып қойыпты.
Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін Димашты қайталау деп сынады.
Айта кетсек, былтыр "Димаш" деген макрамен шәй шыққан болатын. Оның тұсаукесерін былтыр күзде Света және Қанат Айтпаевтар Алматы қаласында өткізген болатын. Оған, негізінен, шоу-бизнес өкілдері шақырылған.
Жаңа брендті Димаш Dida Capital Partners компаниясымен бірлесіп жүзеге асырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript