Елбасыны қимай ағыл-тегіл жылаған әнші ауруханаға түсіп қалды
Елбасымен қимай қоштасып, көз жасына ерік беріп, кезінде елдің көңілін жібіткен әнші Индира Расылхан ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы әншінің өзі Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, биыл 19 наурызда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Президенттік өкілеттігін кілт тоқтататынын жария етті. Сөйтіп 20 наурыздан бастап, өз орнына сайлауға дейін уақытша Қасым-Жомарт Тоқаевты тағайындағанын мәлімдеген. Бұл көпшілік үшін тосын жаңалық болды. Елбасымызды қимай, көз жасына ерік берген жандар да көп болды. Соның ішінде өнер саласының адамдары да өз лебізін білдіріп, Елбасымен қимай қоштасты. Әнші Индира Расылхан да сол кезде ағыл-тегіл жылаған видеосын Инстаграмдағы парақшасына жүктеп, жантебірентерлік сөздерін жеткізген.
"...Алғаш президент боп сайланған кезде ол кісінің алдына шығып, ән салғанмын. Ол кезде 17-ақ жаста едім. "Әнің де, дауысың да өте әдемі екен" деп ең бірінші маған шабыт берген де сол кісі еді. Қазір естіп отырмын, кәдімгідей көңілім бұзылды. Сіздің еңбегіңіз орасан зор. Аман болыңыз!" - дейді видеода әнші бетін жуған көз-жасын жеңімен сүртіп, солқ-солқ етіп.
Байқанымыздай, бүгіндері әнші бұл видеоны парақшасынан алып тастаған екен. Ендігі жазбасында ол парақшасына тіркелушілерден өзі үшін дұға жасауды сұрапты.
"Жақсы ниеттеріңізбен дұға жасасаңыздар риза болар едім! Алла Тағалам мені тағы сынады. Мен барлық қиындықты жеңіп шығамын! Сенім, үміт, бақыт, Аллама тапсырдым. Дұға-тілек біреуге тілесең, 100 есе өзіңе қайтарылады! Құрметті оқырмандарым, бір минуттарыңызды бөліп маған дұға жасап қойыңыздаршы. Сіздермен тағы кездесіп, тілдессем арманым жоқ! ен операция жасатуға сіздердің дұғаларыңызбен аттанамын!", – деп жазды ол.
Оқи отырыңыз: "Айына 200 мың теңге...". Әнші Роза Әлқожа пәтер жалдап тұратынын айтты
Тағы да: Туканың Шымкенттегі пентхаусын көрген жігіт таң қалды