Димаштың арнайы сыйлығы бұйырған оқушы қыз шетелде Гран-приге ие болды
Инстаграм
Нарғыз қатысқан Испаниядағы ән байқауы "Сенің толқының" деп аталады.
"Бақытты бала" жобасының алғашқы жеңімпазы, Димаштың Лондондағы концертінде ән салу құрметіне ие болған Нарғыз Жанұзақова Испанияда өткен "Tu Onda" байқауына қатысып, Гран-при иегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сенің толқының" деп аталатын Испанияның Малага қаласында өткен конкурсқа қатысып, Гран-приді ұтып алдым. Ол үшін қатты қуанып тұрмын. Бұл конкурст жайлы айтқан Қарла апайыма мың алғыс. Мұнда мен көп дос таптым. Бұл конкурста Испанияның жас өнерпазы Гильермо да бас жүлдені иеленді. Ол пианинода керемет ойнайды. Бұл мен үшін естен кетпес сапар болды", - деп жазды Нарғыз Жанұзақова Инстаграмдағы парақшасында.
"Бақытты бала" жобасына былтыр құрметті қонағы ретінде қатысқан Димаш Құдайберген бұл байқауға өз сыйлығын әзірлеген еді. Ол сыйлық сол кездегі 13 жасар Нарғыз Жанұзақова бұйырған болатын. Сөйтіп ол Лондон сахнасына ән салуға жолдама алған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript