Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрқаділова жылады: Заманбектің немересі бастан өткен қиын өмірін айтты

Астана ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2019 16:37 Астана ТВ
Мысалы, әкем екеуміз кездейсоқ кездесіп қалсақ бір жерде бір-бірімізді танымайтын бөтен адамдар секілді өте шығатынбыз. Ел жағасын ұстайтын. Әрине, бұл дұрыс емес. Бірақ біздің солай дүрдараз болып жүруіміз біреулерге керек болды.

Дизайнер әрі белгілі кәсіпкер Құралай Нұрқаділова мен оның баласы Нұрзаман Нұрқаділов өз өмірлерінің қиын кезеңдерін көзге жас ала отырып, еске түсірді. Саясаткер әкесі Заманбек Нұрқаділов өздеріне мүлде қол ұшын бермегенін де жасырмады. Бірақ ол үшін ол кісіні айыптамайтындарын, оны кешіргендерін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz "Оңай емес" бағдарламасына сілтеме жасап.

"... Әкеммен соңғы сәтке дейін сөйлеспедік. Өйткені екеуміздің татуласқанымызды қаламаған адамдар көп болды. Олар соңына дейін арамызға от салып отырды. Мысалы, әкем екеуміз кездейсоқ кездесіп қалсақ бір жерде бір-бірімізді танымайтын бөтен адамдар секілді өте шығатынбыз. Ел жағасын ұстайтын. Әрине, бұл дұрыс емес. Бірақ біздің солай дүрдараз болып жүруіміз біреулерге керек болды. Әкемнің айналасындағы адамдар дегенім ғой. Егер мен жақындасам, әкемнің көзін ашар едім. Қасындағы адамдардың қайсы қандай екенін айтар едім. Мен де әкем секілді бірбеткей, тікмінезді адаммын", - дейді Құралай Нұрқаділова.

"Әкем маған қайтыс боларына үш ай қалғанда хабарласты"

Құралайдың айтуынша, әке мен қызы 15 жыл бойына бір-бірімен қатынаспаған, байланыс кілт үзілген.

"Соңғы рет көз жұмарына 3 ай қалғанда хабарласты. Өзі қоңырау шалды. "Қызым, қалың қалай, қандай жоспарларың бар" дегенде ана сөз менің құлағыма түрпідей тиді. Себебі соңғы 15 жылда дұрыс араласпаған адамбыз ғой, мен әкесі жоқ адам секілді өзімді сезініп кеткенмін, әрине біртүрлі болдым. Ол 15 жыл бойына бізбен араласқан жоқ. Әрине, ренжідім, қырсықтым. Сол хабарласқан кезде маған ота жасалғалы жатқан. Өтімді алдырттым. Ал бұл деген өкпе-реніш қой жиналып қалған, ақыры өтті құртты. Содан ішке ондайды жинамау керектігін түсіндім. Сөйтіп әкемді кешіруге тырыстым. Соған психологиялық тұрғыда дайындалдым. Енді, міне әкеме өзім звандаймын деп оқталып жүргенде анандай жағдай болды, мен үлгермей қалдым", - дейді ол.

Өмірде қанша қиналса да әкесінің алдында бармауын Құралай ханым былай түсіндіреді:

"Ол маған Алматы қаласының әкімі емес, әке ретінде керек болатын. Өйткені ол ақылды, дана адам еді. Оның сөздері маған жетпеді. Ақыл-кеңесі жетіспеді. Қазір іштей әкеммен сөйлесемін. Тіпті, ол туралы кітап жазсам ба деген ойым бар. Біреулер "Әкеме жетпей қалған хат" деп очеркімді атауды ұсынды. Бірақ сол кітапты жазуға отырсам, болды, қолым жүрмейді. Бір орнымда қадалам да қаламын. Сөйтсем оған әлі іштей дайын емес екенмін.

Әкем әкім болып тұрғанда мен аспазшы болып жұмыс істедім. Қолым тілініп, жарылып кеткен. Біреулер "әкеңнен неге көмек сұрамайсың" деген сол кезде. Шыны керек, мен осы күніме дейін көмек сұрауды білмеймін. Соны үйрене алмай-ақ қойдым", - дейді Нұрқаділова өмірінің қиын кезеңдерінің бір шетін шығарып.

Бірақ ол өмірінің қиын күндеріне тереңдей бойлағысы келмеді. Есесіне, өздерінің қалай қиналғанын Құралай Нұрқадлованың тұңғыш ұлы Нұрзаман Нұрқаділов кеңінен тарқатып айтып берді. Ол анасының қандай асыл жан екенін ел білсе дейді. Саясаткердің баласы ма, демек үлде мен бүлдеге оранып өскен деп жұрт жаңсақ ойламаса дейді.

Нұрзаман Нұрқаділов: Балалық шағым квартирадан квартираға көшумен өтті

- Біз пәтерден пәтерге көшіп жүрген қазақ болдық. Көз ашқалы солай. Балалық шағымның барлығы пәтерден пәтерге көшумен өткен. Қазір ғой, бизнестің шаруасымен өтіп бара жатып, сол пәтерлерді танып қаламын. Мына пәтерде бір тәулік болғанбыз, ал мында бір апта тұрғанбыз деймін. Иә, біз пәтерді көп ауыстартынбыз. Өйткені басымызда басыбайлы баспана болған жоқ. Бірақ анам мықты, бәрін өзі жасады.

Мысалы, автобуспен жүруге ақшамыз жоқ кез болатын. Сол кезде жаяу жүріп шаршамасын дейтін болар, қайдан екенін бәлмеймін, анам үш аяқты велосипед тауып әкеліпті, оған жіп байлап мені сүйреді. Оңай емес қой сүйреп жүру. Баламын, ештеңені түсінбеймін. Содан анамнан сұраймын: "Неге біз көшеде жүрміз" деп. Ұйқым келеді, үйде болғым келеді. Әр сенбі-жексенбіге дейін ол талмай жұмыс істеп, ақша жинайтын. Сөйтіп менің демалысымды көңілді өткізу үшін ол ақшаны жұмсайды. Мысалы, аниматор жалдайды. Қолында баласы бар жалғызбасты әйел болу, қиын. Қиын күндерді бастан кешті.

Кейін қарындастарым пайда болды, жағдай түзелгендей болды. Бірақ айналысында опасыз адамдар көп болды. Жағдай түзеліп келе жатса, әйтеуір бірнәрсе шығатын. Құдайға шүкір, қазір бәріміздің басымыз қосылды. Апам жанымда, анамның бауыры – ағам жанымда. Бәріміз отбасы болып енді-енді жақсы өмір сүріп келеміз.

Ол өзінің қиыншылық көргенін ешкімге айтпайды. Өйткені ешкімге сенбейді. Қазір де көпбалалы аналарға көп көмек көрсетеді, бірақ оны да жария қылып айтпайды. Ол өзі сондай адам. Одан соң мұндайды айтуға болмайды дейді ғой. Бірақ мен айтқым келеді. Анам адамдарға жақсылық жасайтын себебі сол қиыншылықтың бәрін өз басынан өткерген. Ол темірден жаратылған адам емес. Мықты көрінгісі келеді, даусыз. Бірақ ол да махаббатқа зәру нәзік жан. Анашым, мен сені қатты жақсы көремін, саған бақыт тілеймін, ал бизнеске алаңдама, біз үшеуміз қазір саған тірек бола алатындай деңгейдеміз, бізге сеніңіз!, - дейді жекелей берген сұқбатында Нұрзаман.

Құралай Нұрқаділова көзінен жас аға отырып, ұлының бұл сұқбатын мұқият тыңдады. Артынан күрсініп, мұның бәрі рас екенін мойындады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: