Жаңалықтар тізбегі
0

Диляра Қайдарова құдағиы Баян Мақсатқызы туралы ойын ашық айтты

instagram.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2019 23:26 instagram.com
Әрине, біз келінді немесе құдағиды арнайы таңдап алған жоқпыз.

Еліміздің бас онкологы, сол секілді белгілі продюсер Баян Алагөзованың құдағиы Диляра Қайдарова "Оңай емес" бағдарламасына сұқбат берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Айта кетсек, Баян Алагөзованың тұңғыш қызы Айсәуле Бақытбек наурыз айында тұрмысқа шыққан. Күйеуінің есімі - Әлішер, ол еліміздің бас онкологы Диляра Қайдарованың отбасындағы жалғыз бала екен.

Сұқбат кезінде сұрақ отбасы жайына келгенде Қайдарова өздерінің бір ұл тәрбиелеп отырғанын айтты.

- Көп баланы қалағанбыз, бірақ болмады. Түсік тастадым, одан болмаған соң ЭКО жасаттық, бірақ болмады, ақыры көндіктік бұған да. Бір ұлға шүкір деп. Ақыры қазір енемін, балам мен келінге кем дегенде үш бала тауып беріңдер деп айтып жатырмын, біздің өкініштің орнын толтыру үшін, - дейді ол.

Ал баласының жар таңдауына келгенде, оған ата-ана ретінде өздерінің еш араласпағанын баса айтты.

- Балам мен Айсәуле 5 жыл бірге жүріп-тұрды. Ұлым АҚШ-та оқыған, сол жақта ма, әйтеуір клубта танысқан секілді екеуі. Біз ол таныстық ұзаққа созылады деп ойлаған жоқпыз, өйткені балам ол кезде 18-де ғана болатын. Жалпы, мен Баян Алагөзова дегенді білмеппін. Әрине, әншілерді, өнер адамдарын жақсы білемін, бірақ оны ешқашан кезіктірмеппін өмірімде. Одан соң балам қызымен ұрсысып, бөлек кеткен кездері де болды. 7 айдай ғой деймін. Сол кезде болды, бітті дегенбіз. Бірақ ол әкесіне тартқан секілді, бір сүйсе құлай сүйетін. Баламыз бізге бәрін айтып отырады. Өйткені сондай деңгейде сырлас доспыз.

Қазір балам мен келінім бізбен бірге тұрады, алты ай болды, біз жұмыстан келгенде Айсәуле тамақ істеп қояды. Шәйін құяды. Баянға айтсам, сенбейді.

Біз одан орамал тағып, сәлем салуды талап етпейміз. Өйткені біздің өзімізде ондай болған емес. Консервативті емес, демократиялы отбасымыз. Біз оған өз қызымыздай қараймыз. Бізге маңыздысы, балам екеуінің арасы дұрыс болып, үлкендерді құрметтеп, немере сүйдірсе сол жетіп жатыр.

Менде қыз жоқ қой, міне Айсәуле келді, қызым пайда болды. Ортақ әңгімеміз бар дегендей, - дейді ол.

Құдағиы Баян туралы Диляра ханым жақсы пікірде екен.

- Баян Мақсатқызы өте ашық, ойын ірікпей бетке айтатын құдағи. Өзіме ұқсайды, бірақ мен кішкене тұйықтаумын, әрине медиа адамы Баянның жанында тұйықпыз. Өте мықты әйел. Басынан өткен қиындықтарына қарамастан берілмеген, керісінше қайсар жан. Оның үстіне кішкентай қыз секілді ойнап-күліп үнемі өзін позитивте ұстайды. Әрине, біз келінді немесе құдағиды арнайы таңдап алған жоқпыз. Олар бір-бірін өздері жолықтырып, махаббатпен үйленді. Ұлым бақыттымын дейді, Айсәуле де солай дейді. Одан соң біз де бақыттымыз.

Бағдарлама барысында Баян Мақсатқызынан өз құдағиы туралы не ойлайтыны сұралды:

- Құдай, мені қазан басы-ошақ қасы маңындағы мәселелерден үнемі аулақ ұстап, үлкен сыйға бөлеп келеді. Осы жағынан, мен әлдеқайда бақытты шығармын. Қазіргі құдаларымды, күйеубаламды алдын ала сұрап алдым деп айтсам болады Құдайдан. Өйткені мен үнемі қызыма күйеуге тиетін болсаң, интеллегентті отбасыға бар, әкесі не істейді, шешесі не істейді, соған мән бер деп үнемі айтып отыратынмын. 10-12 жасынан бастап осыны құлағына құя бердім. Мен үшін бұл өте маңызды еді.

Біз әр сенбі-жексенбі кездесеміз деп айта алмаймын. Өйткені ол өте жұмысбасты адам, мен де солай. Ол қалада сирек болады. Бірақ біздің кездескен әрбір сағатымыз құнды. Меніңше, құдағиым екеуміз көп нәрсені ашық бір-бірімізге айта бермейміз. Себебі біз оны қажет етпейміз. Ол артық сөзді айтуды, бірнәрсені ойластыруды қажет етпейтін, бәрін өздігінен түсініп алатын ақылды жан. Артық ештеңенің керегі жоқ дейді ғой, тура солай айтуға болады ол кісі туралы. Мысалы, ол үнсіз отырса, мен оны жақсы түсінемін, немесе, керісінше мен үнсіз отырсам ол мені жақсы түсінеді. Біз балалардың арасына түспейтін, олардың өміріне қол сұқпайтын аналармыз. Яғни, біздің балаларымызға қатысты тәрбиеміз бір-біріне ұқсас. Қазақстанда көп отбасы әке-шешесінің жастар арасына түсуінің салдарынан бұзылып жатады. Иә, бізде көп ата-ана басқа адамның, яғни баласының отбасылық мәселесіне баса-көктеп араласып, араға түсуге қақы бар деп санайды.

Біздің балалырымыз неге бір-бірін тыңдайды, неге бір-бірін сыйлайды, неге бірге үнемі деген сұраққа келер болсақ, өйткені біздің тараптан, сол секілді жігіттің тарапынан ешбір адам олардың жеке өміріне қол сұқпайды. Оның бар мәнісі осында, - дейді Баян Алагөзова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Алишер және Айсәуленің үйлену тойынан эксклюзивті видеоларды жіберіп алмаңыз, біздің парақшада ???? Екі жас бақытты болсын @aissaule_aiaru @aissaulebakytbek ❤️ Video from @aiaru_bb Қызықты жаңалықтарды жіберіп алмас үшін парақшамызға жазылыңыздар ???????? @aissaule_aiaru @luxurykz_top . Реклама от 1000 тг (Direct) ???? _______________ #esentaiproduction #shineproduction #ШайнПродакшн ???? #GakkuTv #instavideo_kaz #dubsmashkaz #instavideokaz #dudoser #madlipzkz #nurkz #ztb #instavideo #gigihadid #назима #димашкудайбергенов #данелиятулешова #Алматы #Астана #атырау #актобе #караганда #шымкент #kazakhstan #казахстан ???????? #xайп #пиар @aissaulebakytbek @karakat_a @sadvakasovamadina ????

Публикация от ???? Ұқсастық Айдары ???? (@uksastyk)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: