Димаш халықаралық прокатқа шығатын еуропалық фильмнің саундтрегін орындайды
Инстаграм
Бұл фильм 2020 жылдың наурыз айында кинотеатрлардан көрсетіле бастайды.
Димаш Құдайберген халықаралық прокатқа шығатын жаңа ғылыми фантастикалық фильмнің басты саундтрегін орындады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы ол өзінің Инстаграм парақшасында жазды.
"2020 жылдың наурыз айында Пьерджузеппе Зая мен Элеонора Фани сценариін жазған, режиссері Пьерджузеппе Зая, фильмде Жерар Депардье, Брюс Пэйн, Элеонора Фани, Марк Фиорини, Дженнифер Мисчиати және Уильям Шетнер ойнайтын жаңа әлемдік фантастикалық фильм жарық көреді. Мен фильмнің саундтрегін, яғни киноның басты әнін орындаушы есебінде қатыстым. Жақында кинотеатрлардан көріңіздер" делінген әнші жазбасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript