Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің бас шыршасының шамын 20 желтоқсанда жағады

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2019 22:41 Баспасөз қызметі
Салтанатты рәсім кезінде отандық өнер жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

Дәстүр бойынша елордада 20 желтоқсанда сағат 18: 00-де ЭКСПО іскерлік орталығының аумағында еліміздің бас шыршасы шамдары салтанатты түрде жағылады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Салтанатты рәсім кезінде отандық өнер жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Сондай-ақ, бұл шараға келушілер мұзда сырғанақ теуіп, қысқы демалыс күнін көңілді өткізе алады. Мерекелік бағдарлама елорданың ең көрікті және ең көп тамашаланатын жері - "Нұр Әлем" сферасы жанында өтеді, - деді Астана ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясындағылар.

Сонымен қатар, ЭКСПО іскерлік орталығының аумағында мұз айдыны жұмыс істейді. 1300 шаршы метр мұз айдынына бір уақытта 200 адамға дейін сырғанақ тебе алады. Конькиді жалға алу құны 500 теңгені құрайды, ал өз конькиімен сырғанаймын деушілерге мұз айдынның есігі айқара ашық.

Жұмыс күндері мұз айдын 12: 00-ден 23: 00-ге дейін, демалыс күндері 10: 00-ден 23: 00-ге дейін жұмыс істейді

21-27 желтоқсан аралығында сағат 15:00-ден 18: 00-ге дейін, 28 және 29 желтоқсанда сағат 12.00, 15:00 және 18:00-де "Нұр Әлемде" "Құпия супер-күш" атты жаңа жылдық шоу өтеді. Қызықты қойылым Жаңа жылдық іс-шараның қонақтарын танымал фильмдер мен комикстердің сүйікті супер қаһармандарымен таныстырады. Билет 6 жасқа дейінгі балалар үшін тегін, мектеп оқушылары үшін - 500 теңге.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: