Атырау облысынан табылған мамонттың сүйегі мұражайға тапсырылды
Хабар 24
Мамонттың жілігінің салмағы жиырма жеті келі, ұзындығы бір метрден асып жығылады.
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі тағы бір құнды жәдігермен толықты, деп хабарлайды "Хабар 24".
Өңірде табылған мамонттың жамбас сүйегі мәдени орталыққа табысталды. Ал оның салмағы жиырма жеті келі, ұзындығы бір метрден асып жығылады. Жалпы айта кету қажет, бұл мұражайдың палеонтологиялық бөліміне қойылған алғашқы экспонат емес. Мұнда осыдан миллион жыл бұрын Каспий маңын мекендеген бұғы, динозавр, бизон және жабайы өгіз сынды жануарлардың сүйектері сақталған.
Рашида Харипова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:
– Бұған дейін музейдің қорында жалпы мамонттың бірнеше сүйектері болған. Бірақ осы бір бөлігі жетпей тұрған. Табылған жәдігердің арқасында біз келешек үшін мамонттың қаңқасын жасап шығаруды жоспарлап отырмыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript