Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда әдеби "Оскар" табыс етіледі

Photo courtesy of kursiv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2020 17:32 Photo courtesy of kursiv.kz
Бұл сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге беріледі.

11 ақпанда Алматыда "Алтын қалам" әдеби жүлдесі аясында әдеби "Оскар" сыйлығы табыс етіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге беріледі.

Жеңімпаздар Әлемдік экономика және саясат институтының әлеуметтанушысы Айман Жүсіпова жетекшілік еткен әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша анықталды.

Зерттеуге әдебиет, ғылым, бизнес саласындағы беделді 70-ден астам сарапшы қатысып, қазақстандық әдебиеттің даму барысы мен бүгінгі кітап нарығының жағдайына байланысты жеке пікірлерін білдірді.

1. Жылдың үздік баспасы
2. Жылдың әдеби дебюті
3. Кiтап like (оқырмандар таңдауы)
4. Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік
5. Жылдың үздік меценаты (Әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін)

Марапатқа ие болғандармен Ұйымдастыру комитетінің мүшелері Айдос Сарым, Досым Сатпаев, Нұржан Жалауқызы, Расул Жұмалы және Қуат Домбай шағын сұхбат жүргізді.

Шара Алматыдағы "МЕЛОМАН "GRAND" (Гоголь көшесі, 58) дүкенінде өтеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: