Жаңалықтар тізбегі
0

Ақындар айтысы ережесіне өзгеріс енгізілді

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2020 23:38 видеодан алынды
Ақындардың бағалану жүйесінде де жаңалық бар. Нақтырақ айтсақ, ертеңгі айтыста қазылар алқасы қатысушыларға балл қоймайды.

Ертең елордада өтетін "Адамзаттың алыбы – хакім Абай" атты республикалық ақындар айтысына бірқатар жаңа ереже енгізілді. Бұл туралы Халықаралық жыршы-термешілер және айтыс ақындары одағының төрағасы Жүрсін Ерман Орталық коммуникациялар алаңында болған баспасөз конференциясында айтып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Бұл – Абайдың мерейтойына орай өткізілгелі отырған алғашқы айтыс. Халықтың көңілінен шығатындай әділетті өтуіне үлкен мән беріп отырмыз. Бұрынырақ айтыстағы ақындар жұбы алдын ала анықталатын. Яғни сөз бәйгесіне түспей тұрып ақындар өзінің кіммен айтысатынынан хабардар болатын. Бұл жолы ережені сәл өзгертіп, жұпты халықтың өзі таңдайтындай еттік. Он алты ақынның аты-жөні жазылған қағаз шардың ішіне салынады да, залдан кез келген көрермен шығып, жұптарды таңдайды. Сондай-ақ ұзын-сонар жаттанды айтысқа да жол бермейміз. Ақындар үш, төрт, бес шумақпен қайымдасып, жауаптасып айтысады", - деді ол.

Ақындардың бағалану жүйесінде де жаңалық бар. Нақтырақ айтсақ, ертеңгі айтыста қазылар алқасы қатысушыларға балл қоймайды.

"Бұрын ақындардың өнері 10, 9, 8 деген секілді ұпаймен бағаланатын. Енді қазылар алқасы бұлай балл көтеріп әуре болмайды. Әрқайсысының алдында қызыл және көк түсті екі түймешік орнатылады. Қай ақынға көк түймешіктер көбірек басылса, сол келесі кезеңге өтеді. Теңбе-тең түсу деген жоқ", - деді Жүрсін Ерман.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: