Бекзат Саттархановтың әкесі дүниеден озды
Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, қыршын кеткен қазақтың талантты ұлы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов өмірден озды. Бұл ақпаратты Түркістан облысы спорт басқармасы растады, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында өмірге келді. Ол – үйдің кенжесі. Әкесі – Сейілхан, анасы - Сырлыкүл. 20 жасында өмірден озған спортшының Бағдат, Болат, Мақсат есімді ағалары бар.
Бекзат Сейілханұлы Саттарханов оңтүстік өңірден шыққан қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі "Барыс" орденінің бірінші иегері. Ол 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні сағат 23-45-те Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде жол апатына ұшырап, қайтыс болды.
Бекзат шаршы алаңда 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен.