Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының тұрғыны Нарқыз Айдарова 2020 жылдың "Қазақ аруы" атанды

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2020 23:25 stan.kz
Сонымен, 1-орынды алматылық Аяжан Тойбазар, 2-орынды қарағандылық Аяжан Мүбәрак, 3-орынды Зере Молдабекова қанжығасына байлады.

Алматыда осымен 10-шы рет өткен "Қазақ аруы" байқауының жеңімпаздары анықталды. Онда 19 сұлу өзара бақ сынасты. Еліміздің әр өңірінен келген хас сұлулар әдемілігімен қатар, білімдерін көрсетті. Жобаның биылғы ерекшелігі сол, хәкім Абайдың мерейтойына орай қойылым қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Биыл хакім Абайдың 175 жылдығы болғандықтан, біз Абай Құнанбаевқа арналған үлкен бір қойылым қойдық. Онда үш қатысушысымыз бірдей ән айтып, актерлік шеберлігін көрсетеді", – деді "Қазақ аруы" байқауының қоюшы режиссері Ғалия БАЙБОСЫНОВА.

Байқауға қоғам қайраткерлері, әнші, композитор, отандық дизайнерлер қазылық етті. Бастысы, сұлулық додасында қатысушыларға әділ баға берілді дейді ұйымдастырушылар.

"Бұл жобада жыл сайын талаптар күшейіп, қатысу қиындай түсуде. Бастысы, байқау қазақтың қыздарын иманды, талантты, білімді болуға үгіттейді. Біз кіл мықтыларды таңдап, финалға 2 ай бойы дайындалдық. Жобаның өзгелерден ерекшелігі сол, барлығы ұлттық нақышта өтті", – деді "Қазақ аруы" байқауының ұйымдастырушысы, продюсер Баян АЛАГӨЗОВА.

2020 жылдың "Қазақ аруы" 20 жастағы Алматы облысының тұрғыны Нарқыз Айдарова атанды. Байқауға жеңемін деп емес, қатысудың өзін жеңіске балаған қыз өз атын естігенде көзіне жас алды.

"Қазақ аруы" – әр қызды тәрбиелейтін ерекше жобаның бірі. Ол жақта сен тек қана әдемілігіңді емес, өзіңнің бойындағы талантыңды және өзіңнің тәрбиелігіңді көрсетесің", – деді "Қазақ аруы" байқауының жеңімпазы Нарқыз АЙДАРОВА.

Сонымен, 1-орынды алматылық Аяжан Тойбазар, 2-орынды қарағандылық Аяжан Мүбәрак, 3-орынды Зере Молдабекова қанжығасына байлады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: