Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы Ұлттық кітапхананың диссертация залына Салық Зимановтың есімі берілді

Алматы ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2020 23:39 Алматы ТВ
Іс-шара ұлы академикті еске алу мақсатында, сондай-ақ заңгердің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды.

Алматыдағы Ұлттық кітапхананың диссертация залына көрнекті ғалым Салық Зимановтың есімі берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара ұлы академикті еске алу мақсатында, сондай-ақ заңгердің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды. Ірі тұлғаның терең еңбектері бүгінде құқықтық мемлекеттің дамуына өлшеусіз үлес қосуда. Қазақ халқының құқықтық негізін салушы парламентаризм мен заңнаманы дамыту мәселелеріне ерекше назар аударған.

"Бүгін Ұлттық кітапханада дерекқорымыз бар. ол дерекқорымызда Салық Зиамнұлына арналған 1500-ден астам мәліметтер бар. Сол кісі туралы жазылған қазақ, орыс, шет тілдерінде жазылған еңбектер бар. Осы жерге ғалымдар келеді. Еңбектерімен танысады", – деді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова.

Салық Зиманұлы - көптеген ғылыми еңбектер мен монографиялардың авторы. Оның ежелгі қазақ әлемі туралы жазған он томдығы өз алдына бір төбе. Ғалым бұл бірегей еңбегінде билер сотының теңдессіз құқықтық жүйе екенін дәлелдеген. Бүгінде заң саласында қолданылатын қай әдебиет болмасын, Салық Зимановтың есімімен тығыз байланысты. Заңгердің ғұмыры – қазақ халқының өткені, бүгіні және болашағының ажырамас бөлігі деп еске алды көрнекті тұлғаны шараға келген, замандастары мен шәкірттері.

"Салық Зиманұлы көптеген мықты шәкірттерді тәрбиеледі. Мені 1963 жылы Ішкі істер министрлігіне жіберген кезде, онда барғым келмеді. Сол кезде Зимановқа барып ғылыммен айналысқым келетінін айттым. Сөйтіп менің ғылым жолына түсуіме өзі ықпалы етті. Мәскеуге оқуға түсуіме себепші болды. Осылайша талай түлекке көмектесті", – деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы Майдан Сүлейменов.

"Әділ болғанда біраз бізге үлгі көрсетіп еді. Жалпы бізге қалай жұмыс істеу керек екенін үлгі көрсетті. Бұл кісі соңғы 15 жылда сағат таңғы 03.00-ден тұрып жұмыс үстеліне отырып қағаз жазатын. Сондықтан ол кісінің мұрасы өте көп, бай", – деді тарих ғылымдарының докторы Ілияс Қозыбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: