Киркоров пен Басков бастаған Ресей әншілері Лукашенконы қолдап, клипке түсті
Ресей мен Беларусь әншілері президент Александр Лукашенконы қолдайтын клипке түсті. Олардың арасында Филипп Киркоров, Николай Басков, Александр Буйнов, Анита Цой, Денис Майданов және басқа да ресейлік әншілер бар, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Видео "Аура" тобының ютуб-арнасында жарияланды. Клипке Беларуь эстрадасының Александр Солодуха, Алёна Ланская, апалы-сіңлілі Груздевтер және Руслан Алехно сынды әншілері қатысты.
Әнде Лукашенко есімі аталмады, бірақ қайырмасында президенттің сайлау қарсаңында айтқан "Сүйіктіні тасмамайды" (Беларусь туралы) сөзі бар.
"Здесь мы живем, будут жить наши дети, в мире, любви и согласии — вместе" - деп шырқады екі елдің әншілері. Роликке пікір жазу функциясы қосылмаған, оған лайк және дизлайк қоюға да болмайды.
Видео, которое войдет в историю российской эстрады.
— Алексей Новоселов (@novosyolov) September 17, 2020
Басков выступает на концерте в поддержку курса Лукашенко: увечий, изнасилований и убийств pic.twitter.com/AQXxe9bMlN
Клипке түскен әнші Николай Басков жақында Минскіде Лукашенко жақтастарының форумында ән салған, ал Киркоров Беларуьске сайлауалды науқан кезінде келіп, президентті қолдайтынын ашық айтқан.
Лукашенко 9 тамызда өткен сайлауда жеңіске жетті деп жарияланды. Алайда Беларусь оппозициясы мен наразылық акциясына шыққан мыңдаған адам сайлаудың ресми нәтижесімен келіспейді. Олар Лукашенконың биліктен кетуін талап етіп отыр.