Қытайлық байқауда өз әнін орындаған қазақ қызына қатысты Димаш пікір білдірді
Instagram
Сенің атақты болатындығыңа сенемін!
"Sing! China" телевизиялық байқауында этникалық қазақ қызы Мәдина Думанқызы Димаштың "Ұмытылмас күн" әнін орындап, қытайлық көрермендер мен әділ қазылар алқасын тәнті етті. Бұл жайтты Димаш Құдайберген назардан тыс қалдырмады, деп хабарлайды zakon.kz.
Димаш Мәдинаның өнері өзіне қатты ұнағанын айтып, 2017 жылы Қытайдың "Мен әншімін" жобасында Мәдинаның қазіргі тәлімгерімен бірге болған оқиғаны да есіне алды.
"Қытай дауысы" жобасының тәлімгері Ли Цзян мырзаға менің әнімді таңдағаны үшін алғыс айтамын. "Мен әншімін" жобасында ауырып қалған кезім естеріңізде болар, сол кезде маэстро Ли маған сауығып кету үшін сирек кездесетін дәрі-дәрмектер алып берген. Мен Мәдинаға "Ұмытылмас күн" әнімді өте әдемі орындағаны үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Бұл әнді қалаған жеріңде айта бер. Осындай керемет әншінің менің әнімді орындауы мен үшін үлкен бақыт. Мәдинаға сәттілік тілеймін! Сенің атақты болатындығыңа сенемін! Арманыңа қарай ұмтыл!, - деп жазды Instagram парақшасында Димаш Құдайберген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript