Жаңалықтар тізбегі
0

Эксклюзив: Алматыда үлкен сахнада алғаш рет мәуліт қазақша жырланды

muftyat.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2020 15:35 muftyat.kz
Онлайн режимдегі Мәуліт кеші Ерсін қари Әмірінің Құран оқуымен басталды. Бұдан кейін белгілі ақын, сазгер Жәкен Омаров екі жылдан бері эксклюзив деп танылған қазақша мәуліттің үшінші бөлімін жырлады.

22 қарашада Алматыдағы Республика сарайында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айына орай "Адамзаттың асылы – Мұстафа" атты мерекелік онлайн кеш өтті. Онда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыдағы Мәуліт кешіне арнап онлайн құттықтау жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бас мүфти құттықтауында барша қазақстандықтар мен мұсылман жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен дініміздің асыл құндылықтары жайлы айтты.

Мәуліт кеші Ерсін қари Әмірінің Құран оқуымен басталды. Бұдан кейін белгілі ақын, сазгер Жәкен Омаров екі жылдан бері эксклюзив деп танылған қазақша мәуліттің үшінші бөлімін жырлады.

Жәкен Омаров 2018 жылы орындап бастаған қазақша мәуліт жырында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келуі мен қырық жасқа (пайғамбарлыққа) дейінгі өмірін баяндаған еді.

Былтыр, яғни 2019 жылғы Мәуліт жыры алғашқы уахидың келуінен (пайғамбарлық миссияның басталуы) бастап Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеде дінді жаюы, сахабалардың Ислам дініне кіруі, Миғраж сапары, соңында мүшріктерден қысым көргені және Мәдинаға қоныс аударуымен аяқталған-ды.

Ал биылғы Мәуліт жырында Жәкен Омаров Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қаласына келуінен бастап Бәдір шайқасына дейінгі кезеңді жырлап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Алла бұйырса, келер жылғы мәулітте Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Бәдір шайқасынан кейінгі өмір тарихы жырланады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: